Құдай сақтады! : Еркебұлан Тоқтар жол апатына ұшырады

15.05.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Белгілі жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар жол апатына түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Спортшы бұл жағдайды өзіне берілген ескерту әрі сақ болу қажет екенінің белгісі ретінде қабылдағанын айтты.

Еркебұлан Тоқтар Instagram парақшасында жол апатынан кейін түсірілген видеосын бөлісті. Кадрлардан оның мотоциклімен автокөлікке соғылып, көлікке зақым келтіргені анық байқалады.

Бақытымызға қарай, спортшының өзі де, мотоциклі де айтарлықтай зардап шекпеген.

«Дөңгелекпен тиіп кеттім-ау деймін... Өзіме ештеңе болған жоқ, жеңіл жарақат қана. Аға, кешіріңізші, шынымен әдейі істегенім жоқ», – дейді ол көлік жүргізушісімен сөйлескен сәтінде.

Кейінірек файтер жол апатынан кейінгі әсерін бөлісті.

«Бүгін Құдай сақтады. Осы жағдайды мен өзіме “азартыңа берілме, Еркебұлан” деген белгі ретінде қабылдадым. Апаттың қалай болғанын да байқамай қаласың екен. Мотоциклмен кейде көлік аз кезде айналып келуге болады, бірақ мен аздап қызығушылыққа беріліп бара жатқан едім. Соңғы кезде күнде мотоцикл мініп, көлікке мүлде отырмай кеткенмін. Байыппен, асықпай жүру керек екенін түсіндім», – деді спортшы.

Айта кетейік, оқиға орнына полиция шақырылған-шақырылмағаны және екінші жүргізушімен мәселенің қалай шешілгені әзірге белгісіз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью