Құлагер ХК командасының бастығы үш жылға сотталды

08.04.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Сот материалдарына сәйкес, 45 жастағы С. Филь Ақмола облысының тумасы, жоғары білімді, отбасылы, Петропавлда тұрып, «Құлагер» хоккей клубында қызмет атқарған. Бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.

Сотталушы өз лауазымын пайдаланып сенімге кіріп, хоккейшілерден құжат істеп беремін деп үлкен сомада ақша алған

Істі қарау барысында айыпталушының кінәсі дәлелденді. Сот оған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Белгіленген жазаны ол орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Сот барысында С. Филь үш адамға 800 мың, 500 мың және 600 мың теңгесін қайтарып берді. Олардың талаптары қанағаттандырылғандықтан, іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Сондай-ақ, сот тағы бір жәбірленушінің азаматтық талабын қанағаттандырды. Айыпталушыдан жәбірленушінің пайдасына 3 млн теңге мөлшерінде келтірілген материалдық шығын өндірілді. Бұдан бөлек, өкілдердің қызметіне жұмсалған 1 млн теңге шығынды өтеу міндеттелді. Сондай-ақ сот шешімімен мемлекет пайдасына 31мың теңге мөлшерінде мемлекеттік баж өндірілді және жәбірленушілердің өтемақы қорына 78 мың теңге төлеу жүктелді.

Бұған дейін Қостанайлық блогер кәсіпкерден 20 млн теңге бопсалағаны үшін 7,5 жылға сотталғанын жазған едік.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью