Құлағы естімейтін такси жүргізушісін мазақ қылған блогерге полиция ескерту жасады

17.10.2025

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Видеодан алынған стоп-кадр

Алматыда құлағы естімейтін такси жүргізушісін видеоға түсіріп, мазақтаған блогер полиция бөлімшесіне жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

15 қазан күні әлеуметтік желіде блогердің есту қабілеті нашар такси жүргізушісіне құрметсіздік көрсеткен видеосы тараған. Алмалы аудандық полиция басқармасы бейнежазба авторының жеке басын анықтап, оны бөлімшеге жеткізген.

Полицияның мәліметінше, қызға түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізіліп, мұндай әрекеттің қайталанбауы ескертілген. Ол өз қателігін мойындап, өкінетінін айтқан.

Белгілі болғандай, блогер Нұрила Аманбаева такси жүргізушісін рұқсатсыз видеоға түсіріп, бейнежазбаға «құлағы нашар еститін таксиге отырғанда» деген жазба қалдырған. Қоғам тарапынан сынға ұшырағаннан кейін ол видеоны өшіріп, кешірім сұраған.

Полиция азаматтарды әлеуметтік желіде контент жариялауда жауапкершілік танытып, этика мен өзара құрмет қағидаларын сақтауға шақырды.

Бүгін, 10:33

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью