Құлағыма 88 деп сыбырлады... Оған дейін әлі 4 жылым бар екен Асанәлі Әшімов

02.02.2026

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Мұхтар Әуезов атындағы ұлттық драма театрының шығармашылық жұмыстар жөніндегі орынбасары Елік Нұрсұлтанұлы желідегі парақшасында жаңа жазбасын жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Елік Нұрсұлтанұлы Instagram желісіндегі ресми парақшасында марқұм Асанәлі Әшімов туралы жүрекжарды сөзін айтты.

"Бүгін Асанәлі ағамыздың 40 күндік асы өтті... 2022-ші жылғы күнделік, қолжазбасында: "Бүгін құлағыма 88 деп сыбырлады. Оған дейін әлі 4 жылым бар екен" деп жазыпты. Арқасы бар адам ғой, жарықтық… Жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын! Әумин" – деп жазды Елік Нұрсұлтанұлы

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью