Құлаудың алдын алуға болатын еді . Ұлдана Мырзуанның ісі бойынша сараптама не көрсетті

03.09.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін сотта қылмыстық іс материалдарын зерттеу жалғасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттік айыптаушы Нұрдәулет Әбуов ғимарат қасбетінің құлау себептері көрсетілген техникалық қорытындыны оқып берді, бұл оқиға қайғылы жағдайға соқтырған болатын.

Қорытындыға сәйкес, құлаудың техникалық себебі - сыртқы көпқабатты қабырғалардың кірпіш қалау технологиясының бұзылуы мен конструкциялық ақаулардың жиынтығы. Әсіресе бойлық және көлденең шеткі қабырғалардың түйіскен жерлері, сондай-ақ қасбеттің қаптау қабаты аса қауіпті болып шықты.

Сарапшылар негізгі заңбұзушылықтар ретінде жобада қарастырылған монолитті темірбетон белдеулердің жоқтығын, арматуралық торлардың мүлдем болмауын немесе дұрыс орнатылмауын, қаптау қабатының негізгі қабырғаға анкерленбеуін, қалау жіктерінің ерітіндімен сапасыз толтырылуын және бос жіктердің болуын атап өтті. Сондай-ақ ені едәуір жарықтар, қалау қабаттары арасындағы саңылаулар және қаптаманың қажетті деформациялық бөлініссіз әрі тік жүктеменің сенімді бөлінуінсіз жасалған конструкциялық шешімдері анықталды.

Сарапшылар құлаудың бір ғана жергілікті себептен болмағанын баса айтты. Ол конструкциялық және құрылыс-монтаждау жұмыстарының бұзылуынан туындаған деформациялардың ұзақ уақыт бойы дамуы мен зақымданулардың жинақталуы салдарынан болған.

Айыптау тарапы сүйенген техникалық қорытындыларда жобалық және нормативтік шешімдерден айтарлықтай ауытқулар да көрсетілген. Атап айтқанда, жобада қарастырылған монолитті темірбетон белдеулер жасалмаған, жылытқыш түрі ауыстырылған, силикат кірпішті қолдануға шектеу қойылған немесе рұқсат етілмейтін жағдайларда пайдаланылған. Сонымен қатар, қалауды арматуралау және байланыстарды орнату талаптары бұзылған.

Құлаудың алдын алуға болатын еді

Техникалық тұрғыдан алғанда, егер ақаулар дер кезінде анықталып, дұрыс бағаланып және жойылғанда, құлаудың алдын алуға болар еді, делінген қорытындыда.

Сотта 2017 жылдың өзінде-ақ ғимараттың қабырғалары түйіскен жерлерінде жарықтар мен қаптау қабатының жергілікті бұзылулары тіркелгені айтылды.

Тиісті мониторинг жүргізіліп, аспаптық тексеру жасалып, қауіпті аймақтарға кіру шектеліп, нығайту жобасы әзірленіп, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілгенде, құлау қаупін айтарлықтай төмендетуге немесе оны мүлдем болдырмауға болар еді.

Қорытындыға сәйкес, конструкциялық ақауларды жоймай, ғимаратты әдеттегідей пайдалану оның қауіпсіз күйін қамтамасыз ете алмады.

Бұзылу үдерісі біртіндеп жүрген

Ұсынылған материалдарға сәйкес, бұзылудың нақты минуты мен реттілігін анықтау мүмкін емес. Алайда, сарапшылардың бағалауынша, техникалық белгілер ұзақ уақыт бойы дамыған.

Алдымен қабырғалар мен қаптау қабатының түйіскен жерлерінде жарықтар пайда болып, олар ұлғая бастаған. Содан кейін қалау қабаттары бұзылып, саңылаулар мен деформациялар ұлғайған.

Осыдан кейін қалауға ылғал өтіп, ол қатып қалған, қаптаманың негізгі қабатпен байланысы әлсіреген. Соңында жергілікті орнықтылық жоғалып, құлаған.

"Зақымданулардың сипаты алдын ала белгілерсіз кенеттен бұзылу болғанын көрсетпейді", - делінген қорытындыда.

Тағы оқыңыз: Ұлдана Мырзуанның өлімі: сотта қаптама құлаған сәттің видеосы көрсетілді

Қауіп әлі де сейілген жоқ

Сарапшылар осындай конструкциялық ақаулары мен зақымданулары бар учаскелердің қауіптілік деңгейін жоғары деп бағалады.

Бойлық және көлденең шеткі қабырғалар түйісетін жекелеген учаскелер апат алдындағы жағдайда деп танылды. Сондай-ақ дер кезінде жөндеу мен нығайту жұмыстары жүргізілмеген жағдайда, басқа учаскелерде де тікелей қаптау қабатының құлау қаупі бар екені анықталды.

Нығайту жұмыстары аяқталғанға дейін сарапшылар қауіпті аймақтарды қоршауды сақтауға, элементтер құлауы мүмкін жерлерде адамдар мен көліктердің болуын болдырмауға, сондай-ақ аспаптық мониторинг ұйымдастыруға кеңес берді.

Бұған дейін Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот тікелей эфирде өтетіні хабарланған болатын. Трансляцияны Tengrinews.kz сайтының YouTube-арнасынан көруге болады.

Өткен отырыстарда не болды?

18 тамызда Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында басталды фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау басталды. Істі судья Меруерт Абаева жүргізіп жатыр.

Бұған дейін марқұмның жұбайы Әділет Зейнел Ұлдананың анасының пайдасына жәбірленуші мәртебесінен бас тартатыны айтылған еді. Алайда кейін сот бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартты.

Айыпталушылар орындығында қайғылы оқиға болған үйдің МИБ төрағасы Сәуле Жұбаниязова отыр. Өткен сот отырысында ол өзін кінәсіз деп санайтынын мәлімдеді.

Ұлдананың анасының адвокаты Нұрсұлтан Орынбековтің айтуынша, бұл іс Қылмыстық кодекстің 254-бабы ("Міндеттеріне адал қарамау") бойынша қаралып жатыр.

20 тамызда сотталушының адвокаты судья Меруерт Абаеваға қарсылық білдірді, алайда бұл өтініш қабылданбай, процесс жалғасты.

фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі Әділет Зейнел сотта жауап берді. Ер адам жұбайы қайғылы жағдайға ұшыраған күн туралы баяндады. Сондай-ақ ол сотқа жұбайының қазасы туралы қалай білгенін және әкімдікте алған 20 миллион теңге туралы хабарлады.

Сондай-ақ оның анасы да жауап берді. Әйелдің айтуынша, өз қызын танымай қалғанын ауруханаға барған кезде белгілі болған. Сонымен қатар жәбірленуші құдағиының әкімдіктен берілген көмек қаржының 4,5 миллион теңгесін қайтаруды талап еткенін жеткізді.

Одан бөлек, қайғылы оқиға болған күні Ұлдана Мырзуанмен шақырту орнына келген фельдшер Дильназ Байзақова да сотта жауап берді. Оның айтуынша, Ұлдананың сау тамтығы қалмаған. Тағы бір жәбірленуші Гүлнар Қалиева сол күні "кірпіштер жаңбырша жауғанын" айтты.

Бұған дейін Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот тікелей эфирде өтетіні хабарланды. Трансляцияны YouTube-арнамыздан және Tengrinews.kz сайтынан көруге болады.

Қайғылы оқиға қалай болды?

2025 жылғы 8 қарашада Астанада Тәуелсіздік даңғылы, 24 Б мекенжайындағы тоғыз қабатты үйдің қасбетінен кірпіш қаптама құлаған. Салдарынан бес адам зардап шекті. Олар №1 көпбейінді ауруханаға жатқызылды.

Бір пациенттің жағдайы өте ауыр болды, оған ота жасалды. Тағы екі адам жансақтау бөлімінде жатты, дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалады. Қалған екі адам бөлімшеге орналастырылды, олардың жағдайы тұрақты деп бағаланды.

Ең ауыр жарақат алған пациент - оқиға орнына жеткен жедел жәрдем фельдшері, 23 жастағы Ұлдана Мырзуан болып шықты. Қыздың туыстарының айтуынша, ол зардап шеккендерге алғашқы болып көмекке ұмтылған. Олардың арасында бала, оның анасы және туысы болған. Ұлдана зардап шеккендерге қарай жүгірген кезде, "үстіне кірпіш мен кондиционердің бекіткіші құлаған". 18 қарашада ол ауруханада көз жұмды.

Оқиғадан кейін полиция Қылмыстық кодекстің 278-бабы "Сапасыз салынған құрылыс" бойынша қылмыстық іс қозғады. Кейін істе тағы бір бап пайда болды – 306-бап "Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету".

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлдана Мырзуанды ерлігі, жанқиярлығы және міндетін үлгілі атқарғаны үшін "Ерлігі үшін" медалімен марапаттады. Қазақстандықтар жедел жәрдем фельдшерімен қалай қоштасқаны туралы мына материалда.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью