Arasha.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Танымал журналист Руслан Өтепбай желідегі парақшасында жаңа жазбасын жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.
"Әлеуметтік желіде Құндыздың қолы мен аяғы, аузы скочталған фото таралып жатыр. Анығын білейін деп, қамқоршысы Зүльфияға хабарластым. Бірақ әңгімесі қисынға келмейді. Байлаған мен емес деп ақталып жатыр. Мен сенбеймін! Тараз қаласының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің мамандары, Тараз қаласының полиция департаменті мына мәселені назарға алыңыздар! Ертең жолға шығамын!" – деп жазды журналист.