Құлсары мен Жем бойындағы ауылдарда су тасқынына қарсы күрес күшейді

09.02.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі

Атырау облысы Жылыой ауданында су тасқынына қарсы жұмыстардың басым бөлігі аяқталды.

Су басу қаупі бар аумақтарға Тұрғызба, Шоқпартоғай ауылдары және Құлсары қаласы кіреді. 

Қауіптің алдын алу мақсатында Жем өзені мен Құрсай өзектерінде түп тереңдету және жағалауды бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаға сәйкес жоспарланған 95,3 шақырымның бүгінде 96,4 шақырымы орындалды.

Бұл туралы Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова мәлім етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Жылыой ауданы су тасқыны қаупі жоғары аймақтардың қатарына жатады. Негізгі қауіп көзі – ұзындығы 212 шақырымды құрайтын Жем өзені. Сонымен қатар жалпы ұзындығы 68,6 шақырымды құрайтын қорғаныс бөгеттерін нығайту жұмысының 79%-ы аяқталды. Бұдан бөлек Бақашы және Қарағай елді мекендері маңында гидротехникалық құрылыс нысандары салынуда, - деді Г. Айшуақова.

Бұл жұмыстар 2024 жылы тамызда басталды. Бүгінде 266 арнайы техника мен 300 адам жұмылдырылған. Жұмысшылар екі аусымда еңбек етін жүр. 

Бүгін, 18:02

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью