Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Марқұм «ҚазТрансОйл» АҚ -да қызмет еткен. Марқұм сенбілік барысында жол-көлік оқиғасы салдарынан көз жұмған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оны көлік қағып, алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болған. «ҚазТрансОйл» қайғылы оқиға болғанын растады. Қазіргі уақытта қызметтік тексеру жүруде.
Компанияның еңбекті қорғау, қоршаған орта және төтенше жағдайлар департаментінің директоры Асқар Қабуловтың айтуынша, қаза тапқан қызметкердің отбасына барлық қажетті көмек көрсетілуде.
«Бұл оқиғаның болғанын растаймыз. Қазіргі таңда «ҚазТрансОйл» АҚ мемлекеттік органдармен бірлесіп, оқиғаның себептерін жан-жақты анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тергеу аяқталғанға дейін нақты ақпарат жарияланбайды», – делінген компания жауабында.
Баян Жанұзақова