Құлсарыда жер беру тоқтап тұр: 16 мың адам кезекте

26.11.2025

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

ChatGPT арқылы жасалған сурет

Құлсары қаласында жеке тұрғын үй салу үшін жер телімін сұраған адамдардың саны 16421-ге жетті.  

Бүгінде қалада жер беру тоқтап тұр, өйткені жер учаскелері дайын емес. Қалада жер телімі кезек бойынша "Атырау" ықшам ауданынан беріліп келген. 

2024 жылы осы ықшам ауданның біраз бөлігін тасқын су басты. Енді қаланың бас жоспарына сәйкес жер беру алдағы уақытта егжей-текжейлі жоспары бойынша "Болашақ-2" ықшам ауданына қарай ойысқан. 

- Болашақта осы ықшам ауданнан 2420 жер учаскесі берілетін болады. Бүгінде инженерлік инфрақұрылым (су, газ, электр) жобалық-сметалық құжаты жасақтау жұмысы жүруде. Оны іске асыру ауданның даму жоспарына сәйкес 2026-2027 жылдарға жоспарланған,-дейді аудан әкімінің орынбасары Аманжол Айдашев. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 13:08

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью