Құмарпаздар қатарын сиреткен құжат

20.01.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелердің ешқайсысы назардан тыс қалып кеткен жоқ. Осы кезге дейін өткен 4 отырыстың қорытындысына көз жүгіртсек, құрылтай бастамаларын іске асыру аясында 26 заң қабылданыпты.

Сурет: kaz.inform.kz

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Telegram арнасындағы жазбасында Ұлттық құрылтай осы уақыт ішінде ел қоғамын ортақ мақсатқа жұ­мылдыруға арналған бірегей идея­лар мен стра­тегиялық қадамдар ұсынатын ең бас­ты институтқа айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, құрылтай мүшелері осы құрылымның бұған дейінгі төрт отырысы мен жұмыс кездесулерінде көптеген бастама көтеріп, оның басым бөлігі орындалды.

Түркістандағы екінші отырыстың нәтижелері анағұрлым ауқымдырақ болды. Ұлттық құрылтай еліміздің қоғамдық-саяси өміріне тікелей септігін тигізетін 11 заңның қабыл­дануына жол ашты. Әсіресе «Қазақ­станның Халық жазушысы» атағын қайтару туралы», «Ономастика жұмысын жүйелеу туралы», «Вейп­терге, шегуге келмейтін темекі өнімдеріне тыйым салу туралы түзетулер»; «Құмар ойын бизнесі, лоте­реялар және лотерея қызметі мәсе­лелері туралы», «Мемлекеттік наградаларға ұқсас қоғамдық награ­даларды дайындауға және мара­паттауға тыйым салу туралы» заңдар көптің ойында жүрген көкейкесті мәселелерге нүктесін қойды.

Бұл ретте айрандай ұйып отыр­ған талай отбасыға тажалдай тиген құмар ойындардың нағыз ұлттық қасіретке айналып бара жатқаны белгілі. Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 400 мыңға тарта аза­мат­тың букмекерлік кеңсе­лер мен ка­зинолардың тұрақты клиен­т­і болға­нын, бұл тұтас бір қала хал­қы­ның санына тең цифр екенін айтты.

«Шын мәнінде, лудомания – бейбіт күнде елдің шырқын бұзып жатқан қатер. Соның кесірінен талай шаңырақ шайқалды. Талай азамат заң бұзып, қылмысқа ұрынды. Құмар ойын үшін қарызға батып, өзіне қол жұмсаған жандар туралы хабарлар, өкінішке қарай, күн сайын тарап жатады. Бұл дерт жас ұрпаққа өте үлкен зиян келтіреді», деген Президент сөзін ресми рейтинг мәліметтері де растайды.

Лудоманияның кесірінен қо­ғамға тауқымет тартқызған тағы бір кесел – суицидтің де статистикасы өсе бастаған-ды. Еліміз осы бір дерттің жаһандық тізімінің көш басындағыларды өкшелеп келеді. Әлемдік рейтинг жарияланатын StatRanker.org сайтының биылғы 11 қаңтардағы мәліметіне сүйен­сек, еліміз бұл тізімде 19-орында тұр.

Осылайша, Әділетті Қазақстан қағидаттары мен құндылық­та­рын орнықтыруға бағытталған Пре­­зидент бастамаларын нақты жүзе­ге асырудың «Заң және тәртіп» қағи­дасы аясында Заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024–2026 жылдарға ар­налған кешенді жоспар іске асырылып, осы бағыттағы заңнаманың күшейтілуінің арқасында көптеген шектеу шаралары енгізілді. Құмар ойындарға құныққандардың қатары сиреді. Әсіресе әскерилерді осы жаққа тартып тұратын барлық жол жабылды. Бұл үлкен стратегиялық шешім болды.

Соңғы жаңалықтар

Астанадағы бұқаралық шаңғы жарысына қалай қатысуға болады?

Елорда • Бүгін, 10:44

Түндегі тілсіз жау: СҚО-дағы бір ауданда екі адам өрттен қаза тапты

Төтенше жағдай • Бүгін, 10:42

Кофе неге қымбаттап барады?

Баға • Бүгін, 10:35

Теміртаудың тең жартысы жылусыз қалды

Аймақтар • Бүгін, 10:23

Жапониядағы кезектен тыс сайлау: Премьер-министр парламентті тарату туралы шешім қабылдады

Саясат • Бүгін, 10:17

Полиция дерегі: Алаяқтардың арбауына көбінде кімдер ілінеді?

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Әлімханұлына қатысты допинг дауы: Қайта тыңдау тағайындалды

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:00

Хромтауда газ жарылды: 5 адамды күйік шалды, бір адам жансақтау бөлімінде жатыр

Төтенше жағдай • Бүгін, 09:50

Болгария президенті қызметінен кететінін мәлімдеді

Саясат • Бүгін, 09:43

Жаңа салық режимі: Кәсіпкерлер нені ескеруі тиіс?

Бизнес • Бүгін, 09:34

«Манчестер Ситиде» ұзақ жылдар бойы топ деңгейдегі қорғаушы болады: Гвардиола өзбек футболшысы туралы

Футбол • Бүгін, 09:24

Термо шам

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:18

Қар жауып, бұрқасын соғады: 20 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы • Бүгін, 09:17

Face ID қалай пайда болды?

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:12

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью