Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, биыл наурыз айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Шекара қызметі мемлекеттік шекара арқылы заңсыз көші-қонға, контрабандаға және есірткі заттарының таралуына қарсы іс-қимыл бағытында бірқатар іс-шараларды өткізнген.
Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде Ақтөбе облысында жүк автокөлігінің тіркемесінде өткізу пунктінен жасырын өтуге әрекеттенген 18 шетел азаматы анықталды.
Солтүстік Қазақстан облысында «синтетикалық есірткілерді» дайындауға арналған көлемі 5100 литр прекурсорлардың ірі партиясы табылды.
- Қабылданған шаралардың нәтижесінде аталған прекурсорлардың соңғы алушылары белгілі болып, есірткі зертханалары жойылды,-делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Жамбыл облысында шекарашылар шетелге 1 млрд теңге сомасына 160 тонна кен мен бағалы металдар концентраттарын (құрамында алтын бар құм) заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті. Аталған фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды.
Осыған дейін ҰҚК Шекара қызметі 60 млн теңгелік темекі контрабандасының жолын кескені турал жаздық.