​Құны 6,8 трлн теңге болатын инвестициялық жоба​лар Атырау экономикасын күшейтеді

17.12.2025

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Үкімет отырысында өңірдің 2025 жылғы қаңтар-қарашадағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.

Ол өңірдегі есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 521,4 млрд теңгені құрағанын хабарлады

Мұнай-химия саласының дамуына ерекше көңіл бөлініп отыр. Қазір өңірде жалпы құны 6,8 трлн теңгеге 3 мыңнан астам жұмыс орнын ашумен 11 зəкірлі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. 

Облыс әкімі байланыс қызметінің көлемі 16,8 млрд теңгені, нақты көлем индексі 99,8%-ды құрағанын айтты.  

Сонымен қатар, өңір экономикасының басқа салаларының тұрақты дамуына қол жеткізіліп отыр. Нақтылап айтсақ, келесідей негізгі 6 көрсеткіш бойынша өсім бар: 

Тау-кен өндіру өнеркəсібінде – 21,1%, өнеркəсіпте – 19,3%, көлік жəне қоймалауда – 16,2%,ауыл, орман жəне балық шаруашылығында – 7,4%, саудада – 6,7%,өңдеу өнеркəсібі – 2,8%.

Бүгін, 11:16

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью