Құнын жоймайтын қамшы

22.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Этнография және та­би­­ғатты ғылыми ­зерт­­­теуді қамтама­сыз ету бөлі­мі­нің меңгеруші­сі Жан­сая Сейіт­мұхамбетова­ның айтуынша, музей қорында ­26 қамшы бар. Қамшының ­бәрі қайыс­тан өрілген. Ең ұзын ­өрімі – 1,5 метр.

Оның ішінде ең көнесі – Қытайдағы Шыңжаң ауданының қолөнер шебері Мәнкей Шай­марданның он екі өрімді қам­шысы. Шебер бұл қамшыны 1920 жылы жасаған екен. Ағаш сабы металмен қапталған қам­шы әлі тозбаған, шебердің қо­лы­­нан жаңа шыққандай әсер береді.

Ал тоғыз өрімді қамшының күміс сабында «1928» таңбасы бар. Тағы бір күміс сапты қам­шы Жылыой ауданындағы Тұрғызба ауылының тұрғыны Қисмет Дар­баевқа әкесінен мұраға қалған екен.

«Қазақтың ұғымында қам­­­шы­­ны ер жігіттің серігі, ба­тыр­лық пен биліктің нышаны, тіпті киелі бұйым ретінде қастерлеп, үйдің төріне іліп қоятын дағды бар. Қамшы­ны күміс, ақық тас­тармен, ұлттық нышанда безен­діру эле­менттері шеберлердің қол­өнердегі жоғары талғамын, эсте­тикалық дүниетанымын білдіреді. Қариялар қам­шы­ны жерге тастамаушы еді. Оны ұстаудың өзіндік сы­рын кейінгі буын білуі керек», дейді Ж.Сейіт­мұхамбетова.

Музейдегі құнды жәдігер­дің бірі – әдебиет сыншысы Зейнолла Серікқалиевтің ұстаған қамшысы. Оны жұбайы Майра Сатыбалдина музейге тапсырыпты. Бір қызығы, көрнекті жазушы шаңырағының төрінде ілінген қамшының сабы қайыстан өріліпті.

Дәл сондай тағы бір жәдігер – мемлекет қайраткері Иманғали Тасмағамбетовтің сегіз өрімді қамшысы. Ол мыстан жасалған сабында шашағы бар қамшыны музейге сыйға берген.

«Біздің музейге Астана қала­сының тұрғыны, коллекционер Гүлнәр Аятбек 2020 жылы маңғыстаулық шеберлер жасаған екі қамшыны тапсырған еді. Бұл қамшылар өзге жәдігерлерге ұқсамайды. Өйткені ХІХ ғасыр­дан жеткен жәдігерге күміс, қызғылт және көк түсті ақық тастар салынған», дейді Ж.Сейіт­мұхамбетова.

Музей қорын Социалистік Еңбек Ерлері, Исатай ауда­нындағы колхоз басшысы бол­ған Арон Аюпов пен Қызыл­қоға ауданының шопаны Қалы­бай Жұмағалиевтің, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі Қой­шы­бай Есембаевтың қамшы­ла­ры толық­тырып тұр. Сон­дай-ақ 1823–1916 жылдары өмір сүрген қазақ батыры, әулие Бай­бақты Қармыс­ұлы қамшысы да келушілерді қы­зықтырады.

Атырау облысы 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью