Құқық бұзып, айыппұл арқалады

30.11.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Жыл басынан бері Шиелі ауданында қоғамдық орындарда мас күйде жүрген 120 адам анықталып, барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп жазады Egemen.kz.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 440-бабына сәйкес олар бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді, бір жыл ішінде қайталап жасалған бұзушылық үшін он айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл немесе бес тәулікке қамау көзделіп отыр.

Жуырда аудандық сотта ӘҚБтК-тің 440-бабының 3-бөлігімен Г.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Осыған дейін әкімшілік жаза қолданылған ол жыл ішінде құқық бұзушылықты қайталап жасаған.

Сот іс құжаттарын зерделеп, алпыс бес жастағы әйелді ӘҚБтК-тің 440-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 27 524 теңге айыппұл тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью