Құрамына ХҚКО мен полиция қызметкерлері кірген қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты

05.02.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Талдықорған қаласында құрамына мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары мен әкімшілік полиция қызметкерлері кірген қылмыстық топқа қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан 24.kz арнасына сілтеме жасап.

21 адамнан құралған қылмыстық топ шетелден әкелінген жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан.

Атап айтқанда, Алматы және Жетісу облысындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының және әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері ақпараттық жүйеге жалған мәлімет енгізіп, бастапқы тіркеу алымы төленді деп көрсетіп жүрген. Осылайша, 1385 жүк көлігі заңсыз тіркелген. Ал тіркеу алымы бюджетке түспеген. Соның салдарынан мемлекетке 9 млрд теңгеге шығын келді.

270 томнан тұратын іс 4 ай бойы тергеп тексерілді.

"Алматы облысындағы Қарасай ауданы бойынша залалдың жалпы сомасы 5 миллиард 600 миллион теңгені, Жетісу облысында Сарқан ауданыны бойынша 3 миллиард 787 миллион теңгені құрады", - дейді облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Бақыт Ермаханов.

Сот үкімімен қылмыстық топ мүшелері 2 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Олар жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа және барынша төмен мекемелерінде өтейтін болады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью