Құрбан Айт: Астанада құрбандық шалатын орындар белгіленді

25.05.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Астана әкімдігі 27-29 мамыр аралығында өтетін Құрбан айт кезінде құрбандық шалу рәсімі үшін белгіленген орындардың санын жариялады.

Мерекелік "Құрбан айт" намазы 27 мамыр күні таңғы сағат 6:00-де қаладағы барлық мешіттерде оқылады.
Құрбан шалу рәсімі күн сайын таңғы сағат 7:00-ден кешкі 18:00-ге дейін тек ресми белгіленген орындарда өтеді.

"Мамандар етті тек сенімді көздерден сатып алуды, өнімді сақтау шарттарына назар аударуды, жеке гигиена мен санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады. Сонымен қатар, мал сойғаннанй кейінгі қалдықтарды дұрыс тастау керек — қатты тұрмыстық қалдықтар контейнерлеріне тастауға тыйым салынады", - деп ескертеді елорда әкімдігі.

Құрбандық шалу Астананың екі ауданында өтеді:

Байқоңыр ауданы:

Шанхай базары – Алаш тас жолы, 34/6;

"Баракат" базары – А көшесі 369, 10;

"Жайлау" базары – Алаш тас жолы, Ц көшесі 313;

"Шәушен" шаруа қожалығы – Алаш тас жолы, 136Б.

Алматы облысы:

"Ет-Хан" ет дүкені – Железнодорожный тұрғын алабы, Ақжар көшесі, 20.

Белгіленген аумақтардан тыс жерде құрбандық шалуға рұқсат етілмейді. Сондай-ақ тұрғындар санитарлық, эпидемиологиялық және ветеринарлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью