Құрбан айт қарсаңында бас мүфти кәсіпкерлерге үндеу жасады

18.05.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары біни басқармасының төрағасы төрағасы - Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан айт қарсаңында кәсіпкерлерге үндеу жасады.

Ол елдегі барша дін қызметкерлеріне жолдаған Бағдарлық баяндамасында Құрбан айт пен Ораза айтты дәстүрімізге сай қоғамдық деңгейде атап өту қажеттігін жеткізгенін еске салды.

"Құрбан айт тек діни мереке ғана емес, қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтатын, қайырымдылықты паш ететін рухани мейрам. Осы орайда еліміздегі барша кәсіпкер азаматтарды Құрбан айтта мал құнын қолдан көтермей, халықтың әлеуметтік жағдайын ескеріп, оңтайлы баға ұсынуға, жұртымыз күнде тұтынатын азық-түлікке мүмкіндігінше жеңілдік жасауға үндеймін", - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфтидің айтуынша, айт күндері "Құрбан айт – ұлық мереке" тақырыбында республикалық деңгейде игі іс-шаралар ұйымдастырылады.

Облыстық, қалалық және аудандық мешіттердің ауласында киіз үйлер тігіліп, ұлттық спорт түрлерінен арнайы сайыстар ұйымдастырылып, мәдени-рухани кештер өткізіледі.

Діни басқарма төрағасы осы ретте еліміздегі барша жамағатты ұлттық киімдер киіп, айт мерекесін дәстүрге сай ұлттық нақыштармен өткізуге, игі бастамаларымызға белсенді түрде атсалысуға шақырды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью