Құрғақшылыққа байланысты Өзбекстан мешіттерінде тасаттық беріледі

25.11.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Өзбекстан мұсылмандары басқармасынан мәлім еткендей, облыс, аудан және қалалық орталық мешіттерде жауын тілеу намазы оқылады. Сондай-ақ, құрбандық шалынып, ет мұқтаж отбасыларға таратылады.

Мұнымен бірге, Өзбекстан мұсылмандары басқармасы қазір Мекке мен Мединада қажылық парызын өтеп жүрген азаматтарға да жауын тілеу намазын оқуды ұсынды.

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Ташкенттегі ауа сапасы нашарлап барады. Биыл жаз бен күз мезгілдері жауынсыз өтті. Тиісінше, бұл күндері шаң көтеріліп, экологиялық ахуал күрделене түсті.

Қоса кетсек, қараша айының орта кезеңінде Өзбекстан астанасында Орталық Азияның рухани мұралары жайлы халықаралық конгресс өтті. Оның барысында Орталық Азия және Әзербайжанның мәдениет пен өнер майталмандары, ғалымдары мен тарихшылары өзара пікір алмасып, ортақ ұсыныстар әзірледі.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью