Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы танк қару жарағынан атуда шеберлік көрсетті

01.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Атыс сабақтары басталар алдында генерал-майор Көшекбаев танк экипажының құрамында көздеуші оператор ретінде көрсетілімдік жүрісті орындады. Жаттығу кезінде штаттық снарядтармен нысаналарға дәл тигізіп, қару-жарақ пен техниканы тиімді басқару әдістерін көрсетті.

Атыстар 125 мм калибрлі зеңбірек пен ПКТ қосарланған пулеметінен 1 600, 1 700 және 1 800 метр қашықтықтағы нысаналарға жүргізілді.

Жаттығу барысында экипаждардың үйлесімділігіне, атыстың дәлдігіне және бұйрықтарды орындау жылдамдығына ерекше көңіл бөлінді.

Фото: Қорғаныс министрлігі Фото: Қорғаныс министрлігі

Атыс сабақтарының қорытындысы бойынша жеке құрамның даярлығы жоғары деңгейде деп бағаланды. Барлық экипаждар тапсырмаларды «жақсы» және «үздік» бағаларымен орындады.

Сонымен қатар қолбасшылық қатардағы жауынгер Владимир Ганженконың дайындығын жоғары бағалап, оған келісімшарт бойынша қызметін жалғастыру ұсынылды. Владимир Ганженко ұсынысты қабылдап, келісімін білдірді. 

Бұған дейін Ақтауда Әскери-теңіз күштері кемелерінің жауынгерлік әзірлігі тексерілгенін жазған едік. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью