Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
QS World University Rankings by Subject 2026 пәндік рейтингісі бойынша, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Орындаушылық өнер» бағыты бойынша ТОП-100-ге еніп, 51–100 орындар диапазонында бағаланды.
Бұл – әлемдік жаңа рейтингілік көрсеткіште Қазақстан үшін ең жарқын нәтижелердің бірі әрі отандық музыкалық білім беру саласындағы маңызды жетістік.
QS World University Rankings by Subject 2026 пәндік рейтингісін халықаралық QS Quacquarelli Symonds талдау агенттігі жариялады. Биылғы рейтингіге Қазақстаннан 13 университет ұсынылған.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы пәндік рейтингіге алғаш рет қатысып, өз бағыты бойынша бірден әлемнің үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына еніп отыр. Бұл ұлттық орындаушылық мектептің жоғары әлеуетін, кәсіби мамандар даярлаудың сапасын және қазақстандық кәсіби музыкалық білім деңгейінің халықаралық аренада мойындалуын айқындайды.
Айта кетейік, QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдамалық агенттігі QS World University Rankings by Subject 2026 пәндік рейтингін жариялады. Биыл Қазақстанның жоғары оқу орындары өз позицияларын нығайтып, Орталық Азия бойынша тарихи рекорд орнатты.