Құрманғазы ауданында екі мыңдай бас ірі қара ауруға шалдыққан

12.02.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Көрнекі сурет. Canva

Ірі қара (сиыр) малы арасында вирустық диарея және инфекциялық ринотрахеит ауруы кең таралып отыр. 

Ауру ошақтары Еңбекші, Дыңқызыл, Бөкейхан және Құрманғазы ауылдарында анықталды. Бұл жерлерде малды шығару мен сатуға шектеу қойылды, шаруашылықтарда емдеу және дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Бірқатар аудандарда вакцина егу басталған. 

Исатай ауданында Зинеден ауылдық округіндегі ірі қара малдары арасында жұқпалы ауру белгілері анықталды. Зертханалық тексерулер аталған диагнозды растады. Ауру 17 ауладан 86 бас ірі қарада тіркелген, оның 33-і сауыққан. 

Сонымен қатар Исатай ауылы және Аққыстау округіне қарасты Томан елді мекендерінде осыған ұқсас белгілерімен мал ауруда. Малдан сынама алынып, зертханаға жолданған. 

Индер, Қызылқоға аудандарында осы ауруға байланысты вакцина егу қызу жүруде. 

"АЖ" анықтамасы: 

Инфекциялық ринотрахеит - жіті жұқпалы вирустық ауру. Ол тыныс жолдарын, көзді және жыныс мүшелерін зақымдайды. Ауру шыққан жерге шектеу жарияланып, мал толық сауыққаннан кейін және ветеринариялық шаралар аяқталған соң 30 күннен кейін алынады. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 11:43

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью