Құрманғазы ауданында шенеуніктің өз өзіне қол жұмсау дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр

03.11.2025

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

30 қазаннан 31 қазанға қараған түні Құрманғазы ауданында жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы өз-өзіне қол жұмсаған.

Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы — «Өз-өзін өлтіруге дейін жеткізу» бойынша іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Дереккөздердің айтуынша, 36 жастағы бөлім басшысы отбасылық мәселе салдарынан өзіне тиесілі аңшылық мылтығынан оқ атқан.

— Ол қарапайым мемлекеттік қызметші еді, ешкімнен ерекшеленбейтін, өз еңбегімен көтерілген жігіт болатын. Енді міне, осындай қайғылы жағдай болды... Ажырасу процесі болып жатыр екен. Төрт баласы бар, — дейді дереккөз.

Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Жақындары жерлеу рәсіміне дайындалып жатыр.

Полиция өкілдері оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады.

Аудан әкімдігінен ресми пікір алу мүмкін болмады.

Айгүл МАНСУРОВА

Бүгін, 11:13

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью