Құрманғазы ауданындағы жол апатында жүргізуші қаза тапты

12.12.2025

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

10 желтоқсанда кеште Хиуаз ауылы маңындағы жолда екі автокөлік бетпе-бет соқтығысып қалды. 

Полицияның мәліметі бойынша, бұл апат сағат 19:50 шамасында орын алған. ВАЗ 2107 және Toyota Ipsum трассаның 850- шақырымында соқтығысты. ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Toyota-ның екі жолаушысы әртүрлі дене жарақатымен Құрманғазы аудандық ауруханасына жеткізілді. 

Құқыққорғау органдары жол-көлік оқиғасының анық-қанығын тексеріп жатыр. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 10:23

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью