Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Дубай қаласында өткен халықаралық UAE SWAT Challenge жарысында Қазақстан атынан қатысқан Мөлдір Атанай кәсіби шеберлігімен көзге түсіп, «Томирис» қыздар командасының құрамында үздік жиырма команданың қатарына енді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Жарыс қорытындысы бойынша ол Қазақстан Республикасының Президенті мен Ішкі істер министрлігінің қабылдауында болып, құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін арнайы медальмен марапатталды.
Мөлдір 1994 жылы дүниеге келген. Ол мектеп қабырғасынан бастап спортқа бейімділігін танытып, жеңіл атлетикамен айналысты. Футбол, волейбол, гандбол ойындарында «Үздік қақпашы» атанып, өнер мен биді қатар алып жүрді. Қоғамдық өмірге де белсене араласқан.
2011 жылы ҚР ІІМ Ақтөбе заң институтына оқуға түсіп, 2015 жылы үздік дипломмен тәмамдады. Студенттік жылдары түрлі спорттық және мәдени іс-шараларға қатысып, жетістіктерге жетті.
Оқу орнын аяқтаған соң еңбек жолын бастады. Жедел басқару орталығы бастығының орынбасары, Ақтөбе қалалық полиция басқармасының кезекші бөлімдерінің басшысы қызметтерін атқарды. Қазір Астана қаласы полиция департаментінің арнайы жасағы – СОБР құрамында полиция майоры ретінде қызмет етеді.
Мөлдірдің туған жері – Атырау облысы Құрманғазы ауданы. Өңірден шыққан қайсар қыздың халықаралық аренадағы бұл жетістігі – қазақстандық полиция қызметкерлерінің кәсіби дайындығы мен елге адалдығының жарқын көрінісі.
Бүгін, 13:14