Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Құрылтай депутаттарын сайлауына дауыс берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Сыртқы саяси ведомствоның басшысы #514 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Сондай-ақ, Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов шетелдерде қанша сайлау учаскесі құрылғаны туралы хабарлама жасады.
Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға шетелде жүрген азаматтарымыздың конституциялық құқықтарының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері жанынан 61 мемлекетте 79 сайлау учаскелері құрылды.
Тіркелген сайлаушылардың жалпы саны - 11 402 адам.
Сағат 08:00-дегі жағдай бойынша шетелде
26 сайлау учаскесі ашылды. Алғашқы болып дауыс беруді Токио мен Сеул қалаларындағы отандастарымыз бастады (Астана уақытымен сағ. 03:00-де).
Жалпы, осы уақытқа дейін сайлау учаскелеріне келіп дауыс бергендер саны - 228 адам.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.