Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Құрылтай депутаттары алдағы заң жобаларымен жұмыс істейтін барлық комитетті жасақтады. Олар қандай комитет және оларды кімдер басқарды - Tengrinews.kz тілшісі материалынан оқыңыздар.
Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық заңға сәйкес, онда сегізден аспайтын тұрақты комитет болуы мүмкін.
Бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың қазіргі - алғашқы сессиясында сегіз комитет жұмыс істейді, атап айтқанда:
Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитеті - Серік Егізбаев;
Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті - Үнзила Шапақ;
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті - Марат Қожаев;
Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитеті - Әмірбек Оспанбеков:
Әлеуметтік-мәдени даму комитеті - Асхат Аймағамбетов;
Қаржы және бюджет комитеті - Ольга Перепечина;
Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті - Дархан Ахмедиев;
Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті - Наталья Годунова.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу