Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Оның айтуынша, болашақ Құрылтайдың 145 депутаты болады. Олар пропорционалды сайлау жүйесі арқылы 5 жылға сайланады. Бұл ретте 25 жасқа толған, соңғы 10 жыл бойы ел аумағында тұратын Қазақстан азаматы Құрылтай депутаты болып сайлана алады.
– Меніңше, Конституцияның 53-бабы болашақ Құрылтайдың жұмысымен байланысты ең мазмұнды түбегейлі өзгерістерді көздейді. Бұл қоғамымызға қажетті, қоғам бізден күтіп отырған өзгерістер. Бұл өзгерістер еліміздегі мемлекеттік басқару архитектурасы мен жүйесін байыпты түрде өзгертіп, тұрақтандырады, билік тармақтары арасындағы қажетті теңгерімді қамтамасыз етеді, өкілдік, атқарушы және сот билігі арасындағы тежеу мен теңгерім тұжырымын іске асырады, - деді дептутат.
Мәжіліс дептутаты қолданыстағы Конституциясында Парламент палаталарының функцияларын нақты сипаттайтын 53-бап 13 тармақтан тұрған атап өтті.
– Ал салыстырмалы кестеде ұсынылған жаңа редакцияда, 23 тармақ бар екеніне назарларыңызды аударғым келеді, яғни, өкілеттіктер көлемі бір жарым еседен астам артады. Бұл жаңа өкілеттіктердің барлығы жалпыұлттық референдумда мақұлданған жағдайда тиісті Конституциялық заңдар аясында нақтыланып, жүзеге асырылатын болады. Аталған өзгерістер түрлі қоғамдық алаңдарда бірнеше рет айтылып, жұмыс тобының отырыстарында жан-жақты талқыланды және Қызылорда қаласында өткен Ұлттық Құрылтайда Мемлекет басшысының тарапынан тұжырымдамалық тұрғыда қолдау тапты. Сондықтан бұл тұжырымдамалық өзгерістерді біз қолдаймыз, - деді Айдос Сарым.
Мәжіліс депутаты Асхат Рахымжановтың пайымынша, Қазақстандағы конституциялық реформа мемлекеттік билікті барынша ашық, қоғам алдында есеп беретін және азаматтарға жақын етуге бағытталған.