Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық аясында 71 мыңнан астам сайлау комиссиясының мүшесі оқытудан өтеді

01.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

«Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы мемлекеттік құрылыстың жаңа конституциялық моделі жағдайында өтуде. Сондықтан біздің негізгі міндетіміз – еліміздің бүкіл аумағында сайлау заңнамасының бірыңғай қолданылуын қамтамасыз ету. Оқытудың каскадтық моделі, бірыңғай әдіснама және сапаны көпдеңгейлі бақылау белгіленген мерзімде 71 мыңнан астам сайлау комиссиясының мүшесін даярлауға және сайлау процесін ұйымдастырудың бірыңғай стандарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», деп атап өтті Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов.

Даярлық каскадтық модель бойынша ұйымдастырылады және үш кезеңді қамтиды. Бірінші кезеңде Орталық сайлау комиссиясы қашықтан оқыту форматында тұрақты кәсіби негізде өкілеттіктерін жүзеге асыратын аумақтық сайлау комиссияларының 821 мүшесін оқытады. Сонымен қатар комиссиялардың басшылық құрамына сайлау заңнамасын қолдану және жекелеген сайлау рәсімдерін ұйымдастыру мәселелері бойынша онлайн-кеңестер өткізіледі.

Екінші кезеңде даярланған мамандар аумақтық сайлау комиссияларының 908 мүшесін, сондай-ақ учаскелік сайлау комиссияларының 31 мыңнан астам төрағасын, төраға орынбасарларын және хатшыларын оқытады. Қорытынды кезеңде учаскелік сайлау комиссияларының басшылық құрамы учаскелік сайлау комиссияларының 38 мыңнан астам мүшесін оқытады. Мұндай тәсіл белгіленген мерзімде барлық деңгейдегі комиссияларды толық қамтуға және даярлаудың бірыңғай стандарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Орталық сайлау комиссиясы барлық өңірлер үшін негізгі әдістемелік стандартқа айналатын бірыңғай оқу-әдістемелік кешенді әзірлеуде. Бұдан бөлек, дауыс беру күні учаскелік сайлау комиссиясының жұмысын ұйымдастыруға арналған оқыту фильмі дайындалады.

Комиссия мүшелерін оқытумен қатар орталық және өңірлік деңгейлерде саяси партиялардың, аккредиттелген қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін оқыту іс-шаралары өткізіледі. Оларға сайлауды әзірлеу мен өткізудің құқықтық негіздері және практикалық мәселелері түсіндіріледі.

Өңірлердегі оқытуды ұйымдастырудың мониторингі Орталық сайлау комиссиясының мүшелері және оның аппараты қызметкерлерінің қатысуымен өткізілетін көшпелі оқыту семинар-кеңестері аясында жүзеге асырылады. Бағдарламаның ажырамас бөлігі ретінде сайлау комиссиялары мүшелерінің барлық санаттары қашықтан тестілеуден өтеді. Бұл олардың заңнаманы білу деңгейін ғана емес, сайлау рәсімдерін өткізу кезінде оны практикада қолдануға дайындық деңгейін де бағалауға мүмкіндік береді. Тестілеуден сәтті өткен қатысушыларға электрондық сертификат беріледі.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью