Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Азамат Айманақұмов сайлау учаскелерінің басым бөлігінде дауыс беру сағат 07:00-де басталғанын еске салды.
"Қазақстанда барлығы 12 605 788 азаматтың дауыс беру құқығы бар. Осы уақытқа дейін 2 264 411 адам дауыс берді. Бұл сайлаушылардың жалпы санының 17,96%-ын құрайды", – деді ОСК мүшесі.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметке сәйкес, өңірлердегі сайлаушылардың дауыс беруге келу көрсеткіші мынадай:
Абай облысы – 17,35%;Ақмола облысы – 18,91%;Ақтөбе облысы – 20,28%;Алматы облысы – 17,19%;Атырау облысы – 18,75%;Батыс Қазақстан облысы – 17,97%;Жамбыл облысы – 18,25%;Жетісу облысы – 20,87%;Қарағанды облысы – 21,06%;Қостанай облысы – 17,92%;Қызылорда облысы – 22,91%;Маңғыстау облысы – 16,92%;Павлодар облысы – 15,98%;Солтүстік Қазақстан облысы – 17,52%;Түркістан облысы – 20,39%;Ұлытау облысы – 19,41%;Шығыс Қазақстан облысы – 19,93%;Астана – 17,01%;Алматы – 9,96%;Шымкент – 20,39%.Сурет: Telegram/electionelection
Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Мұхтар Ерман Қазақстандағы сайлау учаскелерінде дауыс беру басталғанын хабарлаған болатын.