Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 21 тамыз — Sputnik. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Құрылтай депутаттарының төсбелгісі қандай материалдан жасалатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін Мәжіліс депутаттарына алтыннан жасалған төсбелгі берілген болатын. Оның сынамасы – 375.
Ал бұл жолы Құрылтай депутаттарының төсбелгісін жезден жасау туралы шешім қабылданған. Оның дизайны бұрынғыдай сақталады, алайда жаңа төсбелгі көлемі жағынан сәл шағындау болады.
"2023 жылы алтыннан жасалған төсбелгілерді сатып алған кезде біреуінің бағасы 313 600 теңге болған. Қазіргі бағасы – 42 000 теңге", - деді Әбдіров ОСК-ның бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, бұған дейін Мәжіліс депутаттарына берілген алтын төсбелгілер кері қайтарылмайды, олар экс-депутаттарда қалады.