Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Respublica партиясы ұсынған Құрылтай депутаттығына кандидаттардың біреуі сайлауға қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Respublica Орталық сайлау комиссиясына 76 адамнан тұратын партиялық тізімді ұсынған болатын.
Комиссия хатшысы Шавкат Өтемісовтың айтуынша, 11 шілде күні кандидаттардың біреуі – Сәния Темірғалиевадан партиялық тізімнен өз еркімен шығару туралы өтініш түскен. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы тиісті қаулыны қабылдап, "Respublica" партиясы" қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімінен Сәния Бақытжанқызы Темірғалиеваны шығаруға шешім шығарды.
Сондай-ақ, бүгін Respublica-ның 75 кандидаттан тұратын партиялық тізімі тіркелді.
Айта кетері, Сания Темірғалиева Қостанай облысындағы ResWoman әйелдер қауымдастығының төрағасы ретінде партиялық тізімге енгізілген болатын.