Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматыда Құрылтай есімді небәрі екі адам тұрады. Солардың бірі бүгін Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берді.
"Сайлау туралы жаңалықтардан өз есімін жиі естіген соң, мұндай тарихи оқиғадан қалыс қалмауды жөн көрген шығар", – деп әзілдеді өзге сайлаушылар.
Айта кетейік, Алматыда сайлау учаскелері ашылған сәттен бастап кейбірінде дауыс беруге келген тұрғындар кезекке тұрды. Сондай-ақ Бостандық ауданындағы №70 мектепте орналасқан №294 сайлау учаскесіне футбол аңыздары Лионель Месси мен Криштиану Роналдудың бейнесіндегі алып қуыршақтар келіп, көпшіліктің назарын аударды.