Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент лауазымына Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды.
Президенттің ұсынысын "Әділет", "Ақ жол" және "Ауыл" партиялары фракцияларының жетекшілері қолдады.
Отырысқа қатысқан 145 депутаттың 141-і Ерлан Қариннің кандидатурасын қолдап дауыс берді. Осылайша, оның Қазақстан Республикасының вице-президенті лауазымына кандидатурасы мақұлданды.
Сонымен қатар Құрылтай депутаттары Олжас Бектеновтің Қазақстан премьер-министрі лауазымына кандидатурасын мақұлдады.