Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Қазақстанда Құрылтай сайлауы күні 657 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
23 тамызда, Құрылтай депутаттарын сайлау күні Қазақстанның медициналық ұйымдарында 657 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 318 ұл және 339 қыз бала бар.
"Жаңа туған нәрестелердің ең көп саны Алматы қаласында – 60 бала, Түркістан облысында – 54, Шымкент қаласында – 51 бала тіркелді. Ел бойынша бір егіздер жұбы дүниеге келді, - дейді министрлікте.
Ана мен бала денсаулығын сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, тәулік бойы жүкті әйелдерді қауіпсіз бақылауды және босандыруды қамтамасыз етіп, ана мен жаңа туған нәрестелерге қажетті медициналық көмек көрсетеді, дейді денсаулық сақтау министрлігінде.