Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Халық партиясы ұсынған кандидаттардың тізімін тіркеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстанның Халық партиясы алдағы сайлауға 72 кандидатты ұсынып отыр. Орталық сайлау комиссиясы барлық кандидатты тіркеп, партия өкіліне кандидаттардың арнайы куәліктерін тапсырды.
ҚХП-ның тізімінде бұрынғы депутаттардан Ирина Смирнова, Асылбек Нұралин мен Кенжеғұл Сейітжан бар. Ал танымал адамдардың арасынан әнші Тамара Асар мен Аша Матайды атап өтуге болады. TikTok-та танылған мұғалім Игорь Гноевой да партиялық тізімге енді. Бұдан бөлек, осы партияның атынан экс-сенатор мен бұрынғы вице-министр сайлауға түспекші.
ҚХП сайлау жарнасынан да босатылып отыр. Себебі бұған дейінгі сайлауда 5 проценттік межеден асып, мәжіліске өткен болатын.
Айта кетері, әрбір партияның қысқаша тарихын мына жерден оқуға болады.