Құрылтай сайлауы: теледебат қалай өтті

06.08.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Құрылтай сайлауы қарсаңында саяси партиялардың теледебаты өтті. Тікелей эфирде білім, ғылым және болашақ мамандарды даярлау мәселесі талқыланды. Ал көрермендер онлайн дауыс берді.

Теледебатқа сайлауға қатысатын барлық жеті партияның өкілі келді. Ал сөз кезегі жеребе тарту арқылы анықталды. Теледебаттағы сөз кезегі:

Respublica;

"Ақ жол";

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия;

"Әділет";

"Байтақ";

"Ауыл";

Қазақстан Халық партиясы.

Пікірталастың да нақты тәртібі болды. Әрбір спикерге екі минуттан ғана берілді. Осы уақыттың ішінде олар модератордың сұрағына жауап берді. Ал оппоненттер нақтылау сұрағын қоя алды. Сондай-ақ, әлеуметтік желілер мен залда отырған көрермендер тарапынан сұрақ түскен. Ал теледебаттың соңында әрбір партияның өкілі сайлаушыларға арнап сөз сөйледі.

Тікелей эфир кезінде көрермендер QR-код арқылы дебат қатысушыларына дауыс берді. Онлайн-сауалнамаға барлығы 73 628 адам қатысты.

Онлайн дауыс берудің нәтижесі:

1. "Әділет" партиясы - 45,48 %;

2. "Ауыл" партиясы - 15,58 %;

3. Respublica партиясы - 12,01 %;

4. ЖСДП - 9,71 %;

5. "Ақ жол" партиясы - 7,98 %;

6. Қазақстан Халық партиясы - 6,96 %;

7. "Байтақ" партиясы - 1,58 %;

8. "Ешкімді қолдамаймын" - 0,70 %.

Осы орайда ұйымдастырушылар онлайн-сауалнаманың ресми рейтинг емес екенін ерекше атап өтті. Ондай дауыс беру алдағы сайлауға еш әсер етпейді.
Айта кетері, Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтеді. Осы жолы сайлау бюллетенінің екі жағы да көк түспен басылады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью