Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Сайлауға дайындық басталып кетті. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Барақ батыр ауылындағы №743 сайлау учаскесінде 353 сайлаушы бар. Оның ішінде, қарт сайлаушылар саны – 27. Ауылда дауыс беретін 4 студент бар. Сайлау учаскесіне қатынауы қиын сайлаушы саны – 5, мүгедек жандар саны – 2, оның ішінде, біреуі үйден дауыс береді. Жалпы, үйден дауыс беретіндер саны – 27.
Округ бойынша ауылдағы сайлауға қатысатын ең көнекөз қария – 90 жастағы тыл ардагері Совет Музаметкалиев. Ол кісі еліміздегі маңызды саяси науқанға қатысамын деп құлшынып отыр.
Барақ батыр ауылында сайлау учаскесі дайын. Сайлаушыларға қажетті ақпараттар толығымен ілінген. Байқаушылардың орны белгіленген. Мүгедектерге арналған орын толық жабдықталған. Қарттар, мүгедек жандар, студенттер, шалғайдағы және қатынасуы қиын аудандағы сайлаушылар тізімі қарастырылған. Жайлаудағы сайлаушыларға да комиссия мүшелері бюллетень алып барады. Жайлаудағы азаматтар да сайлауға қатысады. Ауылдағы сайлаушыларға комиссия мүшелері Құрылтайға қатысу тәртібі, дауыс беру орны мен уақыты туралы ақпарат береді. Кабинет ішінде ұялы телефонды қолданбау туралы ақпарат ілінген.
Сайлау – әр азаматтың өз пікірін білдіріп, елдің ертеңіне өз үлесін қосатын маңызды мүмкіндік.
К. САҒЫНДЫҚОВА, №743 сайлау учаскесінің хатшысы