Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы жүздеген учаскеде дауыс беру аяқталғанын хабарлады.
Комиссияның хатшысы Шавкат Өтемісовтың айтуынша, адамдар уақытша болатын орындарында сайлау учаскелері өз жұмысын аяқтады.
"Азаматтардың уақытша болу орындарындағы 305 учаскеде дауыс беру аяқталды",-деді Өтемісов арнайы брифингте.
Сайлау кезінде адамдар уақытша болатын орындарға емдеу мекемелері, әскери бөлімдер, түрмелер, уақытша ұстау изоляторлары, жұмыс пен демалыс орындары жатады.
Айта кетері, бүгін таңғы сағат 7.00-де республика бойынша 10 363 сайлау учаскесі ашылған болатын.