Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауында дауыс бере алатын азаматтардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, республика бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 12 605 788 адам енгізілген. Басым бөлігі Астана мен Алматыда, сондай-ақ, Түркістан мен Алматы облыстарында тіркелген. Әрбір өңірде сайлаушылардың саны бір миллион адамнан асады.
Ал ең аз сайлаушы Ұлытау (138 362 адам) мен Солтүстік Қазақстан (365 161 адам) облыстарында тіркеліп отыр.
Айта кетері, сайлаушылар 7 тамыздан бастап учаскелік комиссияларға барып, тізімде өз атын тексере алады.