Құрылтай сайлауында Токиодағы отандасымыз би бейнесінде киініп келіп, дауыс берді

23.08.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Токиодағы сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып отандасымыз Әлішер Әзімбаев дауыс берді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол қазақ қоғамындағы әділеттілік, заңдылық пен даналықтың символы - Би бейнесінде келді. 

Цукуба университетінде "Мемлекеттік саясат" мамандығы бойынша оқитын Әлішер қазақ халқының тарихи дәстүрлерін Қазақстанның жас буынының заманауи ұмтылыстарымен символдық түрде ұштастырды. 

Ол Құрылтай тарихи тұрғыдан Ұлттық жиналыс болғанын, онда ел тағдырын айқындайтын маңызды шешімдер қабылданғанын атап өтті. 

"Менің ойымша, жаңадан құрылған Құрылтай бұл дәстүрді халықпен өзара іс-қимылда мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешуге арналған қазіргі заманғы саяси институт ретінде жалғастырады", - деп атап өтті ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью