Құрылтай заң жобаларын қалай қабылдайды регламент бекітілді

10.09.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Құрылтай депутаттары жұмыс регламентін қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Регламентке сәйкес, Құрылтай бюросының қаулысымен заң жобасын шығару мерзімдері айқындалады. Ал заң жобаларын қарау үш кезеңнен тұрады.

"Бірінші оқылымда заң жобасының негізгі ережелері, мақсаттары мен міндеттері, екінші оқылымда бас комитеттің салыстырмалы кестесіне енгізілген түзетулер, ал үшінші оқылымда Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі, құқықтық олқылықтарды жою тұрғысынан түпкілікті редакциясы талқыланады", - делінген регламентте.

Бұдан бұрын мәжіліске енгізілген заң жобаларын Құрылтай жаңа регламенттің қағидалары бойынша қарауды жалғастырады. Осылайша, құқықтық сабақтастық сақталып, Парламенттің екі палаталы моделінен бірыңғай Құрылтай қызметіне ұйымдасқан түрде көшу қамтамасыз етіледі. Ал халықаралық шарттарды ратификациялау екі оқылымда қаралады.

Сондай-ақ, жаңа конституциялық орган – Қазақстан Халық Кеңесімен өзара іс-қимыл жасау тәртібі айқындалып отыр. Кеңес өкілдері оның өкілеттіктеріне жатқызылған мәселелер бойынша тыңдауларға, тұрақты комитеттер мен жұмыс топтарының отырыстарына қатысуға құқылы.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью