Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Фото: ҚСЗИ
Жеті партиядан 546 кандидат ұсынылды
Бүгінде жеті саяси партия Құрылтай сайлауына қатысатын кандидаттар тізімін бекітті. Атап айтқанда, «Әділет» партиясы 186 кандидатты, Respublica – 76, Қазақстан Халық партиясы – 72, «Ауыл» партиясы – 69, «Ақ жол» демократиялық партиясы – 63, «Байтақ» партиясы – 47 және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 33 кандидат ұсынды. Осылайша жалпы кандидаттар саны 546-ға жетті.
Сауалнама: Ел тұрғындарының 70%-дан астамы сайлауда дауыс беруді жоспарлап отыр
Конституциялық заң талаптарына сәйкес әрбір партиялық тізімдегі кандидаттардың кемінде 30 пайызы әйелдерден, 35 жасқа дейінгі жастардан және мүгедектігі бар адамдардан тұруы тиіс. Бұл талап мандат бөлу кезеңінде де сақталады.
30 пайыздық квота: саяси инклюзивтілікке жасалған қадамӘлемнің көптеген елінде гендерлік немесе әлеуметтік квоталар саяси институттардың инклюзивтілігін күшейту құралы ретінде қолданылады. Қазақстандағы жаңа талап та осы халықаралық тәжірибеге негізделген. Оның негізгі мақсаты – бұрын саяси процестерге жеткілікті деңгейде қатыса алмаған әлеуметтік топтардың өкілдігін күшейту болып саналады.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүйіндіктің айтуынша, Қазақстанда инклюзивтік сайлау тетіктерін дамыту күн тәртібінен түскен емес.
Кандидаттарды тіркеу 23 шілдеге дейін жалғасады«2021 жылдан бастап ОСК отырыстарының тікелей эфирлері мен барлық ақпараттық бейнематериалдар ымдау тіліне аудармамен қамтамасыз етіледі. 2022 жылдан бері елімізде Брайль қарпімен әзірленген дауыс беру бюллетеньдеріне арналған трафареттер дайындалып келеді. Жергілікті атқарушы органдар инватакси қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ біз жергілікті атқарушы органдарға мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін сайлау инфрақұрылымының қолжетімділігін тексеруге белсенді түрде тартуды ұсынамыз», деді Ләззат Сүйіндік.
Қазіргі уақытта Орталық сайлау комиссиясы ұсынылған құжаттарды тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы арқылы барлық партиялық тізімдер уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданып, кандидаттардың заң талаптарына сәйкестігі анықталады. Ал партиялық тізімдерді тіркеу 23 шілде күні сағат 18:00-де аяқталады. Осыдан кейін партиялар толыққанды сайлауалды үгіт-насихат кезеңіне көшеді.
ОСК мәліметінше, сайлау әділдігін бақылау үшін бүгінде 60 халықаралық байқаушыны аккредиттеу үшін құжаттар ұсынылған. Олардың қатарында ТМД байқаушылар миссиясының өкілдері, ТМД Парламентаралық Ассамблеясының делегациясы, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының бақылаушылары, сондай-ақ Мальдив Республикасы, Палестина, Венесуэла және Венгрияның өкілдері бар.
Еске сала кетейік, елімізде Құрылтай сайлауы 23 тамызға белгіленді. Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды.