Құрылыс компаниясының басшысы Мөлдір Сүйіншәлиге қатысты қылмыстық іс қозғалды

28.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

— Тергеу амалдарына сай, 2021–2024 жылдар аралығында Мөлдір Сүйіншәли «Nura Elite» коттедж қалашығын салу сылтауымен азаматтардан қаражат тартқан. Жоба аясында 37 коттедж және 24 таунхаус салу көзделген. Алайда бүгінгі күні таунхаустар толық аяқталмаған (тек қаңқалары ғана тұр), 2023 жылдың 4-тоқсанына дейін аяқтау жөніндегі міндеттемелер орындалмаған. Сатып алушылармен алдын аласатып алу-сату шарттары жасалған. Салдарынан 56 адам жәбірленуші ретінде танылып, тартылған қаражаттың жалпы сомасы 3,9 млрд теңге болған. Оның ішінде 322 млн теңге Мөлдір Сүйіншәли, жұбайының және анасының есепшоттарына аударылған, сондай-ақ 145 млн теңге қолма-қол ақшаға айналдырылған, — делінген ҚМА хабарламасында.

Сондай-ақ бір жылжымайтын мүлікті бірнеше рет сату фактісі анықталған.

Мәселен, жәбірленуші толық төлеген коттедждің бірі күдікті тарапынан жеке міндеттемелері бойынша кепілге қойылып, кейін үшінші тұлғалардың атына рәсімделіп, бірнеше рет қайта сатылған.

Мөлдір Сүйіншәли сатыпалушылармен іс жүзінде жер учаскелеріне құқық беруді көздейтін шарттар жасасқан, алайда оларды иеліктен шығаруға заңды құқығы болмаған.

Үлескерлердің қаражатының бір бөлігі Астана қаласында «Асылхан» тұрғын үй кешенін салуға арналған жертелімін сатып алуға жұмсалған.

Сонымен қатар, құрылысқа қажетті рұқсат құжаттары болмағанына қарамастан, ол Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қайырымдылық қоры арқылы бұқаралық ақпарат құралдарында мұқтаж әйелге пәтер берілетіні туралы мәлімдеген. Алайда іс жүзінде тұрғын үй кешенінің құрылысы басталмаған.

Соттың санкциясымен оған үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды. 

Айта кетелік Жетісуда үлескер қаржысын заңсыз тартқан құрылысшылар жауапқа тартылған еді

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью