Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Астананың сәулет-қала құрылысы кеңесі құрамына елорданың құрылыс жобаларын қарастыратын 17 маман кірді. Тengri Нome бұл кеңес құрамында кімдер бар екенін және оларға қандай талаптар мен міндеттер жүктелгенін зерделеп көрді.
Поделиться
2026 жылғы 29 шілдеде елорда әкімі "Астананың сәулет және қала құрылысы кеңесі туралы" шешімге қол қойды. Құжат 3 тамызда Астана әкімдігінің сайтында жарияланды.
Кеңес елорда мен қала маңындағы аймақтардағы жобалардың қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасын бағалайды. Сондай-ақ ұсыныс беріп, Астананың Бас жоспарының іске асырылуы туралы есепті тыңдайды.
Кеңес қарауына мынадай жобалар шығарылмайды:
жеке тұрғын үйлер, жапсарлас құрылыстар; үй-жайларды реконструкциялау және қайта жоспарлау; қаланың магистральдық көшелері мен алаңдары құрылыс жүйесінің элементтеріне жатпайтын нысандар."Жалпы білім беретін мекемелердің, денсаулық сақтау нысандарының және басқа да қоғамдық ғимараттардың, аумақтарды дамытудың, аз қабатты тұрғын үй кешендерінің, оның ішінде коттедж қалашықтары мен қоғамдық кеңістіктердің жобалары міндетті түрде кеңес отырысында қаралады", - делінген кеңес туралы ережеде.
Кеңес мүшелері өз пікірінің отырыс хаттамасында көрсетілуін және елорданың қала құрылысын дамыту үшін маңызды мәселелердің қаралуын талап ете алады. Сонымен қатар олар "құрылыс салушылардың мүддесін қорғауға жол бермеуге" және кеңес саясатын насихаттауға қатысуға міндетті.
Отырыстарға дәлелді себепсіз үш реттен артық қатыспаған мүше кеңес құрамынан шығарылады. Бұл ретте отырыстар айына кемінде бір рет өткізілуі тиіс.
"Кеңес мүшелері бағалау парақтарын толтырады, олардың талдауы бойынша жоба не пысықтауға жіберіліп, кеңестің қарауына келесі бос орынға тіркеледі, не болмаса толықтай қабылданбайды", - делінген құжатта.
Жобаны қабылдамау мүмкіндігіне қарамастан, кеңес бағалау парақтарын талдау нәтижелері бойынша тек үш сценарийді жүзеге асыра алады:
жобаны бекіту; жобаны ескертулермен бекіту; пысықтауға қайтару.Кеңестің кеңейтілген отырыстарына журналистер, сәулетшілер, жоғары оқу орындары сәулет факультеттерінің оқытушылары мен студенттері шақырылуы мүмкін.
Астананың қала құрылысы кеңесінің құрамына кімдер кірді?Кеңес құрамына шенеуніктер, сәулетшілер және ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандары кірді.
Билік өкілдері:
Жеңіс Қасымбек - елорда әкімі, кеңес төрағасы; Нұрлан Нұркенов - Астана әкімінің бірінші орынбасары, кеңес төрағасының орынбасары; Алтынбек Ахметов - Астананың сәулет, қала құрылысыжәне жер қатынастары басқармасының басшысы, бас сәулетші, кеңес төрағасының орынбасары; Сұлтан Аяпбергенов - Астанананың сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының эскиздік жобаларды қарау және сыртқы жарнама бөлімінің басшысы, кеңес хатшысы.
Комиссия құрамына кіргендер:
Серік Әбдірахманов - "Астанапроект" ЖШС бас директоры; Елнар Базыкен - "Астана урбанистика орталығы" ЖШС директоры; Руслан Жақыпов - "Астанабасжоспар" ғылыми-зерттеу жобалау институты" ЖШС директоры; Дәурен Сәбитов - "Астана қаласының жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы" ЖШС директоры; Аян Смағұлов - Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары; Сағындық Жамболатов - Астана Халықаралық сәулет академиясының профессоры (келісім бойынша); Евгений Долдырин - Mon.arch ЖШС бас директоры (келісім бойынша); Ердененов Дәурен - "D-architects+partners" ЖШС бас директоры, жобалау компаниясының бас сәулетшісі (келісім бойынша); Төлеутай Жарылғанов - Сараптамалық ұйымдар палатасының басқарма мүшесі (келісім бойынша); Акбаржон Исмаилов - Астана қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі (келісім бойынша); Нұрлан Камитов - Британия сәулетшілері корольдік институтының дипломдалған мүшесі, Халықаралық сәулет академиясының (Мәскеу) академигі, Америка сәулетшілер институтының мүшесі, INK Architects компаниясының басшысы (келісім бойынша); Серік Рустамбеков - Астана сәулетшілер одағының төрағасы (келісім бойынша); Берік Сандыбай - Sandybay Workshop сәулет бюросының директоры (келісім бойынша).Бұдан бөлек, кәсіби және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері тартылуы мүмкін. Олардың да дауыс беру құқығы болады.
Тағы оқыңыз:
Сақалды құрылыстар мен алданған үлескерлер: Астана бұл мәселені қалай шешті?
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу