Құрылыс секторында тазарту басталды: жосықсыз компаниялар шеттетіледі

14.04.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

— Бір жыл ішінде тұрғын үй құрылысы мен халықты сумен қамтамасыз ету бағытында қандай нәтижелерге қол жеткізілді?

— Халықты ауыз сумен қамту бойынша Мемлекет басшысы жүктеген міндет толық орындалды. Бүгінде қазақстандықтардың 100 пайызы сапалы ауыз суға қол жеткізді.

Құрылыс саласында жаңа Құрылыс кодексі қабылданып, ол саланың даму бағытын жүйелі түрде жаңғыртуға жол ашты. Атап айтқанда, құрылыс сапасына қойылатын талаптар күшейтіліп, мемлекеттік реттеу тетіктері қайта қаралды. Бұл өз кезегінде тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға негіз қалады. Алдағы міндет — қабылданған нормалардың толық әрі тиімді орындалуын қамтамасыз ету.

— Неліктен қоғамда тұрғын үй құрылысы жүйесіне деген сенім әлі де төмен?

— Ол — жылдар бойы қордаланған жүйелі мәселелердің салдары. Бұл — ретсіз құрылыс, жоспардың жекелеген құрылыс компанияларының мүддесіне қарай өзгертілуі. Енді мұндай тәжірибеге шектеу қойылғанын ескеру қажет. Түзетулер екі жылда бір реттен жиі енгізілмейді және олардың бас жоспарға сәйкестігі цифрлық форматта қатаң тексеріледі.

Келесі түйткіл — құрылыс сапасы. Бұрын бақылау тек нысан пайдалануға берілгеннен кейін жүргізілсе, бүгінде мемлекеттік органдар құрылыс барысын барлық кезеңде қадағалай алады. Қажет болған жағдайда жұмысты тоқтатып, лицензияны кері қайтаруға дейінгі шаралар қарастырылған.

Үшінші мәселе — «қағаз жүзіндегі» компаниялардың көптігі. Салада тіркелген 80 мыңға жуық лицензияның бір бөлігі нақты қызметпен расталмаған. Осы олқылықтарды жою үшін цифрлық реестр мен скоринг жүйесі енгізіліп, нарықты жүйелеуге жол ашылды. Сонымен қатар мамандарды міндетті сертификаттау тетігі іске қосылып жатыр. Жалпы, жаңа Құрылыс кодексі ең алдымен азаматтардың құқығын қорғауға және саланың ашықтығын арттыруға бағытталып отыр.

Фото: Видеодан скрин

— Өткен жылы үш арнайы экономикалық аймақ қосылды. АЭА-ның жаңа моделін әзірлеу қалай жүріп жатыр?

— Қазақстанда 17 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істеп тұр. Бұл құрал инвестиция тартуда маңызды рөл атқарады, алайда оның тиімділігін арттыру қажет.

Негізгі мәселелердің қатарында экспортқа бағдарланудың жеткіліксіздігі және инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілмеуі бар. Орта есеппен инфрақұрылымның дайындығы небәрі 50%-ды құрайды.

Сондай-ақ, мемлекеттік салынған 1 теңгеге 7-8 теңге көлемінде жеке инвестиция тартылып отыр, бұл АЭА-ның әлеуеті жоғары екенін көрсетеді.

Қазіргі уақытта анықталған кемшіліктерді ескеретін жаңа басқару моделі әзірленіп жатыр. Оны биылғы жылдың мамыр айында таныстыру жоспарда.

Бұдан бұрын Нағаспаев индустриялық алаңдарды басқарудың жаңа тетіктері әзірленетінін айтты.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью