Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені қалдықтарды тиімді пайдалану арқылы «жасыл» энергетиканы дамытуға бет бұрып отыр. Соның айқын дәлелі – құс фабрикасы негізінде іске қосылған биогаз жобасы, деп жазады Egemen.kz.
Фото: Ауыл шаруашлығы министрлігі
Бұл бағыттағы табысты жобалардың бірі – Агрофирма Курма серіктестігі. Кәсіпорын 2018 жылы құс қалдықтарын өңдеу арқылы биогаз өндіру жүйесін енгізіп, электр және жылу энергиясын, сондай-ақ биотыңайтқыш шығаруды жолға қойған. Жобаның жалпы инвестициялық құны 573 млн теңгені құрайды.
Қазіргі уақытта биогаз станциясы тәулігіне 150 тоннаға дейін тауық саңғырығын өңдейді. Соның нәтижесінде метан мөлшері 65% болатын 22-23 мың м³ биогаз өндіріледі. Ал электр энергиясының өндірісі сағатына 600 кВт-қа дейін жетсе, органикалық тыңайтқыштар көлемі тәулігіне 20 тоннаға дейін ұлғайған.
Технологияның негізі – органикалық қалдықтарды ферментациялау. Осы үдеріс барысында алынған биогаз электр энергиясын өндіруге пайдаланылады. Сонымен қатар кәсіпорын өз алқаптарында қолданылатын тыңайтқыштарды өзі өндіру арқылы импортқа тәуелділікті азайтып, шығынды қысқартып отыр.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жоба іске қосылғалы бері 15 млн кВт/сағ электр энергиясы өндіріліп, кәсіпорынның жылдық табысы 100-190 млн теңге аралығында қалыптасқан.
Жалпы, «Агрофирма Курма» тәжірибесі өндіріс қалдықтарын тиімді игеру арқылы тұрақты әрі табысты бизнес қалыптастыруға болатынын көрсетеді. Бұл – отандық агросекторда экологиялық таза өндірісті дамытудың және қосымша табыс көзін арттырудың нақты үлгісі.
Соңғы жаңалықтар
Алматыда өрт: 4 адам құтқарылып, 30 тұрғын эвакуацияланды
Оқиға • Бүгін, 18:42
Енді банктер ипотека беруде қарыз алушының төлем қабілетін қатаң тексереді
Банк • Бүгін, 17:59
KASE-дегі күндізгі сауда жабылды: Доллар бағамы 474 теңгеге түсті
Қаржы • Бүгін, 17:42
Қазақстан азаматтары визасыз бара алатын елдер саны артты
Қоғам • Бүгін, 17:40
Жалған құжаттар пайдаланған: Жетісу облысында алаяқ 5 жылға сотталды
Қоғам • Бүгін, 17:31
2027 жылдан бастап азаматтардың қарыз көлеміне шектеу енгізілуі мүмкін
Қаржы • Бүгін, 17:29
Президентке «Астана» халықаралық қаржы орталығының даму жоспары таныстырылды
Президент • Бүгін, 17:15
Іле Алатауының тау бөктеріндегі жер телімі мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:59
Жамбыл облысында екі жасөспірімнің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 16:45
Цифрлық жүйе көлік басқару кезінде телефон қолданудың 6 дерегін тіркеді
Заң • Бүгін, 16:22
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысының Су ресурстары жөніндегі арнаулы өкілін қабылдады
Президент • Бүгін, 16:01
Ломбард қызметіне қойылатын талаптар күшейе ме?
Қаржы • Бүгін, 15:56
Елімізде неке жүзігі 45%-ға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 15:46
Қазақстанда жаңа саяси партия құрылуы мүмкін
Партия • Бүгін, 15:30
Астанада заманауи зертханалық кешен құрылады
Елорда • Бүгін, 15:12