Құсбегілік өнер туралы кітап

24.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Әріптесіміз бұған дейін «Күміс жамбы», «Қазақтың атбегілік өнері», «Қазақия қалай отарланды?», «Жалама айдаған жылдар», «Қазақтың мергендік өнері: Жамбы ату», «Құмайторы» сынды бірнеше кітап жазып, халқымыздың жоғын іздеп, сынғанын бүтіндеу жолында талмай еңбек етіп келеді. Бекен Қайратұлы «Қазақтың құсбегілік өнері» жинағында да сол үдеден шығып, ғасырлар қойнауынан шаң баспай бізге дейін жеткен ұлтымыздың құсбегілік өнердің қыр-сырын оқырманға терең түсіндіреді. 

Автор зерттеуші ретінде жалпы құсбегілік өнерімізге қатысты терең талдау жасап, көне дәуірден келе жатқан саят-салбурын үлгілерін, бүркіт және басқа да шәулі қырандарға қатысты қажет мәліметтерді қызықты етіп баяндайды. Әрі байырғы қазақ құсбегілерінің бүркіт сынау үлгісі, қыранның сыны, оны қолға түсіру тәсілдері, баптау, баулу, аңға салу, қайыру, жемдеу қатарлы әрекеттерді әдістемелік тұрғыдан қағазға түсірген. Сондай-ақ кітапта саят құстарын өсіп-өнген мекен-тұрағына қарай түстеу, жаратылыс ерекшелігіне байланысты түрлерге бөлу, бітім-болмысына қатысты жіктеу, жасын айыра білу сынды танымдық мәліметтер жетерлік.

Бекен Қайратұлы бұл ең­бе­гінде қыран құсты қолға үй­ре­ту кезінде пайдаланатын жаб­дықтарды, әсіресе ашшы-алы­мыр қырандарда кездесетін сырқат түрі мен оны емдеудің жолдарын да қағыс қалдырмаған. Сонымен қатар қыран құстар туралы ел аузында сақталған қызықты хикаялар, мақал-мәтел, тәмсіл, халықтың қара өлеңдерін де кеңінен пайдаланған. Қысқарта айтқанда, Қазақстанның Құсбегілік федерациясының президенті Берік Уәлидің қолдауымен жарық көрген бұл кітап қыран құс өсіруге құмар азаматтардың ең кәделі жәдігеріне айналарына сенеміз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью