Құстар неге тас жұтады?

30.10.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Құстың тас жұтуы алғаш қарағанға оғаш көрінуі мүмкін. Бірақ ғалымдар мұны табиғаттың әдемі тепе-теңдігі дейді.

Сурет ашық дереккөздерден алынды

Себебі құстардың тісі болмайды, сондықтан тағамды ұсақтау ісін тастар атқарады. Майда қиыршықтар жемсаудан кейінгі «асқазанға» жиналып, біртіндеп «тірі диірменге» айналады. Бұлшық ет жиырылған сайын тастар қозғалып, дән мен шөпті ұнтақтап, ас сіңіруді жеңілдетеді. ­Ас толық қорытылған соң, құс тастарды сырт­­­қа шығарып тастайды да, қажет болса жаңа­сын жұтады.

Құстың денесі жеңіл болуы керек, ал ауыр тіс құрылымы оған кедергі келтірер еді. Осылайша, табиғат оған қарапайым, бірақ ғажайып амал тапқан.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью