Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Әйелдер арасындағы іріктеу кезеңіне Қазақстан атынан екі жұп қатысты. Тамара Улжабаева мен Анна Баларшина үздік мүмкіндіктерінде 16.81 секунд уақыт нәтижесін тіркеп, 8-орынмен 1/8 финалға жолдама алды. Ал Алина Львова мен Арина Новицкая 17.94 уақыт нәтижесімен 11-орынға жайғасты.
Ерлер арасындағы бәсекеде қос қазақстандық жұп 1/8 финалға жолдама алды. Әмір Маймұратов пен Дамир Тоқтаров үздік мүмкіндіктерінде 10.26 секунд уақыт нәтижесін көрсетіп, екінші орынмен 1/8 финалға өтті. Сондай-ақ Ришат және Рашид Хайбуллин 10.82 секунд уақыт көрсеткішін тіркеп, іріктеуде төртінші орынға жайғасты.
Айта кетейік, әйелдер арасында плей-офф кезеңіне шығу үшін үздік сегіз құраманың қатарына ену қажет болды. Ал ерлер бәсекесінде 1/8 финалға жолдама алу үшін ең үздік 16 команданың қатарынан көріну керек еді. Айта кетейік, 1/8 финал бәсекелері бүгін, Астана уақытымен 17:00-де басталады.
Ришат Хайбуллин Азия жағажай ойындарының қола жүлдеcін жеңіп алған болатын.