Құжаттар мен лицензиялардың мерзімін қалай дер уақытында ұзартып отыруға болады?

26.12.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

eLicense.kz порталында рұқсат беру құжаттары мен лицензиялардың мерзімі аяқталуға жақындағанын алдын ала ескертетін жаңа SMS-хабарлама қызметі іске қосылды. Жүйе құжаттың қолданылу мерзімі бітуіне 30 күн қалғанда пайдаланушыға автоматты түрде хабарлама жібереді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: istockphoto.com

Бұған дейін азаматтар мен кәсіпкерлер құжаттардың мерзімін өздері бақылап отыруға мәжбүр болатын. Ал жаңа сервис мемлекеттік қызметтермен жұмыс істеудің тиімділігін арттырып, мерзімнің өтіп кетуінен туындайтын тәуекелдерді азайтады.

SMS-хабарламалар қолданылу мерзімі белгіленген рұқсат беру құжаттары мен лицензияларға қатысты қызметтер үшін ғана қарастырылған. Хабарламалар электрондық үкіметтің SMS-шлюзі арқылы 1414 қысқа нөмірінен ресми ескерту болып жіберіледі.

Хабарлама өтініш беру кезінде көрсетілген телефон нөміріне жолданады. Нөмірдің дұрыстығы мобильді азаматтар базасымен (БМГ) алдын ала тексеріледі. Осы тетік арқылы пайдаланушылар өз құжаттарын уақытында жаңартып, қызметінің тоқтап қалуына жол бермейді.

Сонымен қатар порталда рұқсат беру құжаттарын проактивті форматта қайта рәсімдеу мүмкіндігі бар. Бұл рәсім пайдаланушының жеке деректері немесе ұйым атауы өзгерген жағдайда автоматты түрде, мемлекеттік органдардың қатысуынсыз жүзеге асырылады. Проактивті формат пестицидтерді тіркеу, тұқым өндірушілерді аттестаттау, экологиялық рұқсаттар беру және сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету тізіліміне қатысты бірқатар мемлекеттік қызметтерге қолданылады.

Жаңа қызмет Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның бірлескен жұмысының нәтижесінде іске асырылды.

Соңғы жаңалықтар

Депутат: Қазақстанның ақшасына неліктен шетелдік корпорацияны қаржыландырып отырмыз?

Қоғам • Бүгін, 10:23

Ақтау маңында құлаған ұшақ оқиғасына 1 жыл: Министрлік тексеріс нәтижелерін жария етті

Оқиға • Бүгін, 10:20

Алматыда энергетикалық сусыннан жүрек ауруына шалдыққан науқасқа ота жасалды

Қоғам • Бүгін, 10:15

Ақсайда келешек мектебі ашылды

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Солтүстік Корея алғашқы атомдық сүңгуір қайығын таныстырды

Әлем • Бүгін, 09:57

Қазақстанда қолма-қол ақшамен есептесетіндер үлесі күрт өсті

Қаржы • Бүгін, 09:53

Шымбұлақтағы мейрамханада болған жанжалға Алматы полициясы түсініктеме берді

Оқиға • Бүгін, 09:43

Өскеменде подъезд тұтқасын ұстаған жас жігітті ток соғып, жүрегі тоқтап қалған

Оқиға • Бүгін, 09:30

Түркияда жаңа жыл кезінде теракт жасамақшы болған 115 адам ұсталды

Әлем • Бүгін, 09:20

Шымкент әуежайы авиаотын бағасын қолдан өсірген

Оқиға • Бүгін, 09:13

Сенат қызметінің нәтижесі: Биыл 102 заң қаралды

Үкімет • Бүгін, 09:10

Ішкі нарықты қорғау міндеті

Саясат • Бүгін, 09:05

Қостанай облысында оқушылар қашықтан оқуға көшірілді

Аймақтар • Бүгін, 09:02

Оңтайлысы онлайн төлем бе?

Қаржы • Бүгін, 09:00

Бүгін елімізде аяз, бұрқасын күтіледі

Ауа райы • Бүгін, 08:59

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью